• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Шілде, 2019

Қазақстанның 14  қаласының кәсіпкер-әйелдері Алматыда жиналды

386 рет
көрсетілді

Биылғы ақпан айынан бері Еуропа қайта құру және даму  банкінің (ЕҚДБ) білім беру бағдарламаларына қатысқан  Қазақстанның 14  қаласының кәсіпкер-әйелдері осы бағдарламаның нәтижелерін шығару мақсатында Алматыда бас қосты.

Алматы қаласында Ұлттық экономика мин истрлігінің қолдауымен, Еуропа қайта құру және даму банкі ұйымдастырған «Шағын бизнестегі әйелдер» атты қанатқақты жоба қорытындысына арналған мәжіліс осылайша мәреге жетті. Ұйымдастырушылар осы бағдарламаға қатысқан әйелдермен бірлесе отырып, жоба нәтижелерімен бөлісіп, шағын бизнестің мәселелері мен мүмкіншіліктерін ортаға салды.

2019 жылғы ақпан айынан бастап  еліміздің 14 қаласында тұратын 373 кәсіпкер-әйел  маркетинг, ақпараттық технологиялар және қаржыны басқару салаларындағы тәжірибелі кеңесшілер мен бизнес-сарапшылар өткізген төрт тренингке қатысқан болатын.

Алынған деректерге сүйенсек, 166 қатысушы сату көлемдерінің 10 пайыздан бастап 100 пайызға дейін өскенін, 148 кәсіпкер әйел – орташа чекты өсіргенін, 239-ы – клиенттер базасын кеңейткенін, 258-і – автоматтандыру құралдарын қолдана бастағанын және сайтты әзірлеуге кіріскенін, 56 – қызметкерлер құрамын құлшындыру жүйесін өзгерткенін, 218 кәсіпкер – қаржы есебін және жоспарлауды енгізгенін, 4 адам– мемлекеттік және жеке қорлардың гранттарын ұтып алғанын хабарласа, 1 қатысушы алғашқы франшизасын сатқан.

Одан өзге, Петропавлдан келген қатысушылар WomenPartners атты әйелдер клубын құрған, мұндағы мақсат – әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті алға тарту, оны дамыту және өз бизнесі үшін жаңа аудитория іздестіру болып отыр.

Осыған орай, білім беру бағдарламасы жарияланған сәттен бастап, қатысуға 1243 адам тіркелгенін атап өткен абзал. Ең көп тапсырыс түскен облыстар қатарында – Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе өңірлері бар. Өзінің тапсырыстарында кәсіпкер-әйелдер «Клиенттерді қалай тартуға болады?», «Жарнама қай кезде қауқарсыз?», «Қаржыны басқару жүйесін қалай оңтайландыру керек?», «Еңбекақыны көтеруге мүмкіндік болмағанында қызметкерлер құрамын қалай ұстап қалуға болады?» секілді ұқсас қиыншылықтарын атап отыр.

Бағдарлама қатысушыларының басым бөлігі, яғни кәсіпкер-әйелдің 60,8% қызмет көрсету саласында жеке кәсібі бар. Бизнестің екінші кең тараған бағыты – сауда, онымен кәсіпкер-әйелдердің 22,9 % айналысады. Сондай-ақ бизнес-ханымдардың арасында танымал салалардың үштігіне жеңіл және тамақ өнеркәсібі кіреді. Бұл саладағы кәсіпкер-әйелдер саны 14,5% құрайды.

Оқыту бағдарламасын «Диалог» атты тренинг және консалтинг компаниясы атқарған.